Португалия құрамасы мен "Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналду Аргентина құрамасы және "Интер Майами" футболшысы Лионель Мессиге әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мессидің әкесі Хорхе Месси ұзақ уақытқа созылған аурудан кейін 7 тамыз күні 69 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Осыдан кейін аргентиналық футболшы әлеуметтік желіде әкесіне арнап жазба жариялады.
Роналду сол жазбаның астына Мессиге қолдау білдіріп: "Осы қиын сәтте сені және жақындарыңды құшақтаймын, Лео. Бекем бол!", – деп жазды.
Айта кетейік, Лионель Месси 9 тамыз күні Лионель Аргентинаның Росарио қаласында әкесі Хорхе Мессиді ақтық сапарға шығарып салды. Оған марқұмның ең жақын туыстары мен отбасының достары ғана қатысты.