"Сенсация!": Испания құрамасы Кабо-Вердемен тең тарқасты

Командалар Н тобында сынға түсті.

"Сенсация!": Испания құрамасы Кабо-Вердемен тең тарқасты Фото: FIFA / Gettyimages.ru

Атағы жер жаратын жұлдызды құрамы бар Испания 90 минут бойы шағын мемлекет Кабо-Верде қақпасының осал тұсын таба алмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Кездесуде испаниялықтар қарсылас қақпасын жиі мазалады. Десе де, оған африкалық құрама лайықты қарсылық таныта алды. 

Жаза кеткен жөн, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты тарихта тұңғыш рет бірден үш елде – АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир матчтары 11 маусым мен 19 шілде аралығында 16 қалада болады. Жаһандық доп додасын 3 мемлекет қабылдап жатыр десек те, матчтардың басым бөлігі АҚШ-та ұйымдастырылады. Мұнда барлығы 78 ойын өтсе, Канада мен Мексикада 13 матчтан өткізіледі.

Осыған дейін футболдан әлем чемпионаты туралы қызықты деректерді жарияладық.

Мұнан бөлек, мундиалға 40 жастан асқан футболшылар да қатысып жатқанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу