Сенсация. Қазақстандық теннисші микстен АҚШ чемпионы атанды

1718

Финалда жеңіске жеткен қазақстандық-финляндиялық жұп 175 000 АҚШ доллар сыйақыны өзара бөліседі.

Сенсация. Қазақстандық теннисші микстен АҚШ чемпионы атанды Фото: kff.kz

Анна Данилина аралас жұпта финалда финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге жарыстың 1-ракеткалары, америкалықтар Джессика Пегула – Остин Крайчекпен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда брейк жасаған қазақстандық-финляндиялық жұп сол басымдықты сақтап қалды – 6:3.

Олар екінші сетті де брейкпен бастағанымен, америкалықтар таразы басын теңестірді – 2:2. Содан кейін Анна мен Харри тағы бір брейкке қол жеткізіп, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4. Олар бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында 7 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Осылайша, Анна Данилина қазақстандық теннисшілерден алғаш рет микстен "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, осы "Үлкен дулыға" турниріне дейін Данилинаның спорттық мансабындағы ең жақсы нәтижесі 2022 жылғы Australian Open турниріндегі жұптық сайыстағы финал болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу