banner

Сепаратизмге және жаппай тәртіпсіздіктерге шақырғандар қатаң жазаланады – Мирзиёев

2722

Өзбекстан басшысы пиғылы теріс күштер жалған ақпарат таратудың технологияларын, әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, азаматтарды конституцияға қарсы әрекетке итермелеуде деген пікір білдірді. 

Сепаратизмге және жаппай тәртіпсіздіктерге шақырғандар қатаң жазаланады – Мирзиёев

Біреулер "конституциялық реформамен келіспейміз" дегенді желеу етіп, өз пайдасы үшін Өзбекстандағы жағдайды тұрақсыздандырмақшы.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстандағы оқиғаларға байланысты жасаған үндеуінде осылай деді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, конституциялық реформа елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету үшін жүргізілейін деп отыр.

"Демократиялық қағидаттар мен құқықтық нормалар негізінде азаматтардың еркін түрде пікірін білдіруі үшін жасалған жағдайларға қарамастан, конституциялық реформамен келіспейтіндерін желеу еткен жекелеген күштер өздерінің пайдасы үшін Өзбекстандағы жағдайды тұрақсыздандыруға тырысуда. Олар агрессия мен зорлық-зомбылық жолын таңдады", – деді Өзбекстан президенті.

Мемлекет басшысы Мирзиёев пиғылы теріс күштер жалған ақпарат таратудың технологияларын, әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, азаматтарды конституцияға қарсы әрекетке итермелеуде деген пікірде. Мирзиёев Қарақалпақстанда жүргізіліп жатқан оң өзгерістер әрі қарай жалғасатынын алға тартты.

Өзбекстан басшысының айтуынша, сепаратизмге, жаппай тәртіпсіздіктерге, билік органдарына қарсы күш көрсетуге шақыру әрекеті заңға сәйкес қатаң түрде тоқтатылып, кінәлілер жазаға тартылады.

Еске сала кетсек, Шавкат Мирзиёев аймақты Конституцияда бекітілген сецессия жасау құқығынан айырмақ болып, 1 шілдеде Қарақалпақстан Республикасының астанасы Нүкіс қаласын ереуілдер шарпыған болатын.

Соңғы мәлімет бойынша, Қарақалпақстандағы тәртіпсіздіктер салдарынан 18 адам қаза тауып, 243 адам түрлі деңгейде жарақат алды.

Қарақалпақстан 1936 жылы Өзбек АССР құрамында болды. КСРО ыдырағаннан кейін Республика Өзбекстанның құрамына енді, бірақ оған егемендік алу құқығы берілді.

4 маусымда Өзбекстан парламентінің төменгі палатасы Қарақалпақстанның егемендігін сақтау туралы шешім қабылдады. Депутаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу