Ол Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі, сондай-ақ 2026 жылғы жазғы XX Азия ойындарына дайындық штабының спорттық блогын үйлестіруші болып қызмет атқаратын болды.
Бұл шешім "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңның жаңартылған редакциясында көзделген ротация аясында қабылданған.
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаты, Мәдениет және спорт министрлігіндегі бірқатар жауапты қызметтерді атқарған. Қазіргі таңда ҚР Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің президенті.
Айта кетейік, жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өтеді. Азиада-2026 бағдарламасына 41 спорт түрі енген.