VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы құсбегіліктен кезекті алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қаршыға салудан өнер көрсеткен Серікболсын Жалғасұлы жоғары шеберлік танытып, жарыстың жеңімпазы атанды.
Осылайша, спортшы атадан балаға жалғасқан қазақтың ұлттық өнерін халықаралық аренада лайықты дәріптеп, ел қоржынына алтын медаль салды. Бұл жеңіс қазақ құсбегілігінің бай дәстүрі мен спортшыларымыздың шеберлігін тағы бір мәрте көрсетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу