Шағын қуатты стансаларды қанағат етеміз бе?

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
10658

Еліміз ресейде шығарылған шағын қуатты атом стансаларын сатып алуы мүмкін.

Шағын қуатты стансаларды қанағат етеміз бе?

Астанада өткен "Энергия, су және химия" атты конференцияда "Росатом" компаниясының "НИКИЭТ" АҚ шағын қуатты тасымалданатын және тұрақты атом энергия көздерін ұсынды. Олардың қуаты бірнеше жүздеген кВт-тан 100 мВт-қа дейін жетеді. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл стансалар кәсіпорындар мен елдімекен бекеттерін жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Бұл туралы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ өндіру және ядролық цикл жөніндегі бас директоры Бауыржан Ибраев abctv.kz-ке берген сұхбатында айтты.

"Олар тек бізді ғана қызықтырып отырған жоқ, оған бүкіл әлем қызығып отыр. Шын мәнісінде, Ресейдің үштен бір бөлігінде электр қуаты жоқ, үштен бірі дизельді генератор қолданады. Яғни шағын қуатты стансалар қажет. Бір кВт үшін 15 теңге немесе 2,5-3 рубль төлеу – бұл қалыпты баға. Электр энергиясы мүлдем жоқ жер үшін қызықты болуы мүмкін", – дейді Бауыржан Ибраев.

"НИКИЭТ" АҚ маманы Денис Куликовтың айтуынша, мұндай стансалардағы электр энергиясының бір кВт құны 2,5 рубль. Ал бұл дизельді электр стансаларын қолдануға қарағанда едәуір тиімді.

"Біздің бағалауымызша "Шельфтің" бір кВт-ының өзіндік құны – 9,5 рубль. "Унитерм" бұған қарағанда шамалы қымбаттау, бір кВт үшін шамамен 22 рубль. Ал "Карат" едәуір арзан, пайдалану аймағына қарай 2,5 рубльден 4 рубльге дейін құбылады. Қолданыстағы нормативтік құжаттағы бірқатар жүйе бойынша кез келген нысанды пайдаланып отырған энергиямен қамтамасыз етуіміз керек. Мұндай жүйенің "Карат" үшін меншікті құны "Шельфке" қарағанда 10 есе арзан. Сату құны жайын айтар болсақ, онда шатаспасам "Шельф" құны шамамен 200 млн доллар болуы керек. Кез келген баға сұранысқа қарай ұсынылуы мүмкін", – дейді Денис Куликов.

"Витязь" реакторлық қондырғысы базасындағы тасымалданатын атом қондырғысы блокты-модульді пайдалануға ие. Жобаға сәйкес, ол тасымалданатын 4 платформада орналасқан, әрқайсысының жеке салмағы шамамен 60 тонна. Стансаның жалпы электр қуаты 1 МВт, қондырғының жылу қуаты – 6 МВт. Бұл стансаның негізгі ерекшелігі – энергетикалық капсулалардың толығымен зауытта жасалуында болып отыр.Сонымен бірге ешқандай көлемді құрылым қажет емес, барлық операция отынмен зауытта жасалады. Жобаның ерекшелігі пайдалануға енгізу мен шығару мерзімінің аз болуында, сонымен бірге орналастыру ауданына деген талаптың төмендеуінде.

Су астында іске қосылатын "Шельф" реакторлы қондырғысы бар энергоблок шағын реакторлы және турбогенераторлы қондырғысымен дайын энергокапсулалар түрінде жеткізіледі. Энергия капсуласы 300 метрге дейінгі тереңдікке орналастыруға есептелген. Параметрлерді бақылау және жұмысты басқару су үстіндегі бекетте жүзеге асады. Энергия блогының жылу қуаты – 9 МВт. Калужск турбина зауытының суытатын турбогенераторлы қондырғысы электрлі генерацияны қамтамасыз етеді. Энергиялық блок 1 жыл бойы дербес пайдалануға есептелген. Дербес пайдалану уақыты біткеннен кейін энергия капсуласын екі аптаға су бетіне көтереді де, жоспарлы жөндеу жұмысы жүргізіледі.

Атом стансалары үшін жасалған жоба – электр энергиясы желілерінен алыста орналасқан шағын аймақтар мен өндіріс нысандарына қуат беру көзі. Реактордың жұмыс істеу ұзақтығы 2,5 жыл. Флюенстің корпусқа төмен әсер етуі реактордың 100 жылға дейін жұмыс істеуін болжауға мүмкіндік береді.

Техникалық-экономикалық бағалау жасау, екі энергия блогы бар АСММ имаратына жіберілетін меншікті капитал шығыны қуатты су энергетикалық реакторымен бәсекелесуге әбден лайық екенін көрсетеді. Осындай типті реакторларды дайындау барысында "НИКИЭТ" АҚ-та электр қуаты 45-50 МВт – КАРАТ-45 болатын техникалық ұсыныс әзірленген.

Институттың ядролық шағын қуатты энергия көздерін Чукоткада, шалғай Солтүстікте, Арктика жағасында қолдану нұсқаларының болуы, сонымен бірге жинақталған тәжірибе қорғаныс және азаматтық нысандарда, шалғайдағы Солтүстік аудандарында және Арктикалық жағалау архипелагында дербес электр және жылу стансаларын құру жөніндегі кең көлемді жұмысты ұйымдастыруға негіз болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу