Шахмат Олимпиадасында Қазақстанның әйелдер құрамасы жеңіске жетті

175

​Әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы Словения командасымен кездесті. Нәтижесінде отандастарымыз 3,5:0,5 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Шахмат Олимпиадасында Қазақстанның әйелдер құрамасы жеңіске жетті Фото: Спортты дамыту дерекциясы

Бибісара Асаубаева Лаура Унукпен тең түссе, Алуа Нұрман, Елназ Қалиахмет және Зарина Нұрғалиева өз партияларында жеңіске жетті.

Әйелдер: Қазақстан – Словения — 3,5:0,5

Бибісара Асаубаева – Лаура Унук — тең ойын

Алуа Нұрман – Зала Урх — 1:0

Елназ Қалиахмет – Надиа Шпанко — 1:0

Зарина Нұрғалиева – Анжа Бебер — 1:0

Ал ерлер құрамасы үшінші турда Францияға қарсы ойнап, 0,5:3,5 есебімен жеңіліп қалды.

Қазақстан сапынан тек Денис Махнёв ұпай еншілей алды. Ол блицтен 2021 жылғы әлем чемпионы Максим Вашье-Лагравпен тең түсті. Қалған үш партияда француз шахматшылары басым болды.

Бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасы Гаити мен Нигерияны жеңген еді.

Ерлер: Қазақстан – Франция — 0,5:3,5

Денис Махнёв – Максим Вашье-Лаграв — тең ойын

Сауат Нұрғалиев – Этьен Бакро — 0:1

Алдияр Аңсат – Максим Лагард — 0:1

Жандос Ағманов – Марк-Андриа Маурицци — 0:1

Шахматтан 46-шы Олимпиаданың үшінші туры Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу