Шахматшы Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте екі сатыға төмендеді

197

Асаубаева 2532 ұпаймен 7–орынға жайғасты.  

Шахматшы Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте екі сатыға төмендеді Фото: kazchess.kz

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева 2026 жылғы шахмат Олимпиадасынан кейін жаңарған әлемдік рейтингте екі саты төмендеді, деп жазады inbusiness.kz сайты 1bol.kz спорт порталына сілтеме жасап.

Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) қазан айындағы әйелдер рейтингін жаңартты. Бибісара Асаубаева 2532 ұпаймен жетінші орынға жайғасты. Қазақстандық шахматшы бұған дейін бесінші орында тұрған еді және соңғы рейтингпен салыстырғанда төрт ұпай жоғалтты.

Асаубаеваны үздік бестіктен Александра Горячкина мен Тань Чжунъи ығыстырды. Екі шахматшының да рейтингі – 2536 ұпай. Әлемдік рейтингтің көшін 2596 ұпаймен Қытай өкілі Хоу Ифань бастап тұр.

Асаубаева үшін соңғы ірі жарыс Самарқандта өткен 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы болды. Қазақстан құрамасының көшбасшысы турнирде бірінші тақтада ойнап, командасымен бірге күміс медаль иеленді.

Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадада 18 ұпай жинап, екінші орын алды. Осылайша, ұлттық команда бұл жетістігін екінші Олимпиада қатарынан қайталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу