Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) 15–27 қыркүйек аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтетін 46-Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының тізімін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты egemen.kz порталына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасының сапында Бибісара Асаубаева (ересектер арасындағы әйелдер рейтингінде 5-орын), Алуа Нұрман (жасөспірім қыздар арасындағы әлемдік рейтингте 2-орын), Меруерт Камалиденова (жасөспірім қыздар арасындағы әлемдік рейтингте 4-орын), Елназ Қалиахмет (жасөспірім қыздар арасындағы әлемдік рейтингте 22-орын) пен Зарина Нұрғалиева (жасөспірім қыздар арасындағы әлемдік рейтингте 23-орын) ойнайды. Команданың капитаны – Павел Коцур.
Бұған дейін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы 2024 жылы Будапештте өтіп, Қазақстанның әйелдер құрамасы тарихта алғаш рет күміс медальді жеңіп алды. Финалда олар Үндістан құрамасынан жеңілген еді.
Биылғы Олимпиадаға жалпы саны 400 команда қатысады: олардың 208-і ашық турнирде, ал 192-сі әйелдер турнирінде бақ сынайды.
Олимпиаданың ашылу салтанаты 15 қыркүйекте болады. Ал 16–27 қыркүйек аралығында шахматшылар классикалық уақыт бақылауымен швейцариялық жүйе бойынша 11 тур ойнайды.