Шамалғандағы "қанды өткел" мәселесі шешімін табады

2799

Апатқа ұшыраған автобус техникалық байқаудан өтпеген. 

Шамалғандағы "қанды өткел" мәселесі шешімін табады

15 қыркүйек күні шамамен сағат 19:20-да Алматы қаласының маңындағы Қарасай ауданына қарасты Шамалған станциясында темір жол өткелінде Алматы-Қостанай бағытындағы пойыз жолаушылар автобусына соғылған болатын.

Осы қайғылы жағдайға қатысты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр түсініктеме берді.

ИИД министрінің айтуынша, поезд келе жатқанда бағдаршамның қызыл түсі жанған, дыбыс белгілері қосылғанымен өткелде көліктер болғандықтан, шлагбаум толықтай жабылмаған. Сол кезде автобус өткелге шығып, жол кептелісінде  тұрып қалған. Сағатына 97 шақырым жылдамдықпен келе жатқан пойыз "шұғыл тоқтауды" қосып, автобусқа 55 шақырым сағат жылдамдықпен келіп автобусқа соғылған. Пойызда жарақат алғандар болмағанымен, автобуста 2016 және 2014 жылғы екі қызымен 1986 жылғы әйел ауыр жарақат алды. Ал 1990 жылы шыққан "Sеtrа" маркалы жолаушылар автобусы техникалық байқаудан өтпеген.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жүргізуші пойызды көріп, есікті ашқанын айтты. Автобуста болған 20 адамның 16 шығып үлгерген. Жүргізуші қайтыс болып, екі баласымен бірге жарақаттанған әйел ауруханаға жеткізілген. ҚР Ішкі істер министрі осы мәселе бойынша қылмыстық іс қозғалатындығын да айтты.

Журналистердің апат болған жерге көпір салу туралы қойған сұрағына ИИД министрі Роман Скляр жауап берді.

"Осы өткелден күніне 65 пойыз және 10 мың автокөлік өтеді. Алайда дәл осы жерден жол айырығын салу үшін 70 тұрғын үй мен екі жанар-жағар май құю станциясын сүруге тура келеді. Бұны орындау қазіргі мүмкін емес. Дегенмен де, осы мәселені шешу үшін айналма жол салынады. Қазір жобалау жүріп жатыр, келесі жылы құрылысы басталады. Екі жыл бұрын осы елдімекеннен 7 шақырым жерде жол айырығын жасау арқылы, екі жол өткелін жаптық. Осындай жұмыстар жалғасын таба береді",–  деді Роман Скляр.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу