Шарипова Минскіде өткен бокс кешіне қатыса алмады

2026

Кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова шекараның жабық болуына байланысты Минскіде өткен бокс кешіне бара алмады.

Шарипова Минскіде өткен бокс кешіне қатыса алмады

 

Былтыр күзде қаржылық тапшылыққа байланысты кәсіпқой бокстан кеткен Фируза Шарипова сәуір айында рингке қайта оралды. Әлеуметтік желіде ол ресейлік Софья Очигаваға үндеу тастаған болатын. Бұл ұсынысқа ресейлік боксшы қыз қарсы болмады. Нәтижесінде олар шілдеде Қазан қаласында кездесеміз деп уәделескен. Алайда Фируза Шарипова коронавирус пандемиясына байланысты шекера жабық болғандықтан, белгіленген уақытта Татарстан асатанасына бара алмады. Сондықтан Софья басқа боксшыға қарсы кездесу өткізетін болды.

Осы мәселелерге байланысты қазақстандық боксшы қыз ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және Сыртқы істер министрі Мухтар Тілеубердіге Қазан қаласына бару үшін көмектесуді өтініп, ашық хат жолдады. Сонымен, 14-шілде күні Шарипова өзінің Instagram парақшасында Қазан қаласына жеткенін хабарлады. Ал бес күн өткен соң оның келесі кездесуі Минскіде Suleimen Promotions промоутерлік комапниясының ұйымдастырған бокс кешінде өтітінін мәлімдеді. Бірақ, осы аптаның аяғында бокс кешінің қатысушыларының тізімінде Шарипова болмады.

Кеше спортшы қыз әлеуметтік желіде неліктен бокс кешіне қатыса алмайтынына түсінік берді. Оның айтуынша себебі біреу-ақ, яғни коронавирусқа байланысты шекараның жабық болуы.

"Достар, өкінішке орай коронавирусқа байланысты Беларусияға бара алмадым. Ертең мен жекпе-жекке шығуым керек еді. Оның себебі сол бұрынғыдай – шекараның жабық болуы. Мен шаршы алаңға шығуға дайынмын және жақында менің командам маған Ресейде жекпе-жек өткізуіме көмектеседі деген ойдамын. Suleimen Promotions компаниясына алғысымды айтқым келеді. Өкінішті, әрине, шекара жабық болғандықтан, Минскіге бара алмадым", - деп жазды Шарипова өзінің Instagram парақшасында.
Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу