Шавкат Мирзиёев Геннадий Головкинді қабылдады

134

Ташкентте Азия Олимпиадалық кеңесінің 46-шы Бас ассамблеясы өтті.

Шавкат Мирзиёев Геннадий Головкинді қабылдады

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Ташкентте World Boxing халықаралық федерациясының президенті Геннадий Головкинді қабылдады.

Кездесуде олимпиадалық боксты дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Геннадий Головкин Өзбекстанның әлемдік және аймақтық бокстағы маңызды рөлін атап өтті.

World Boxing басшысы жылы қабылдау үшін алғыс айтып, федерацияның Өзбекстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, бүгін Ташкентте Азия Олимпиадалық кеңесінің 46-шы Бас ассамблеясы өтті. Жиынға ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин, бас хатшы Әлімжан Ақаев және АОК Атқарушы комитетінің мүшесі Ольга Рыпакова қатысты.

Ассамблеяның басты қорытындысы - 2028 жылға дейінгі мерзімге Азия Олимпиадалық кеңесінің президенті болып Қатар ҰОК басшысы шейх Джоаан бин Хамад бин Халифа Әл Тани сайланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу