Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммад қазан айында төбелеседі

545

UFC жанкүйерлері үшін мұхиттың арғы жағынан жағымды хабар келіп жетті. 

Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммад қазан айында төбелеседі Фото: Бейнежазбадан

АҚШ-тың танымал комментаторы Джон Аник өзінің подкастында қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0) пен бұрынғы UFC жартылай орта салмақ чемпионы Белал Мұхаммад (24-4) арасындағы жекпе-жек қазан айында өтетінін хабарлады.

Бұл жекпе-жек UFC-дің жартылай орта салмақтағы титулдық жарысына әсер етуі мүмкін. Шавкат Рахмонов 100% көрсеткішімен дивизиондағы ең қауіпті қарсыластардың бірі болып саналады.

Ол желтоқсан айында ирландиялық Иэн Гэрриді (16-1) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіп, жарақатынан кейін қазіргі таңда қалпына келуде.

Белал Мұхаммад жақында UFC 315 турнирінде аустралиялық Джек Делла Маддаленаға (18-2) қарсы титулдық жекпе-жекте жеңіліп, чемпиондық белбеуден айырылды.

Қазіргі уақытта UFC бұл жекпе-жекті ресми түрде жарияламағанымен, Джон Аниктің мәлімдемесі мен екі спортшының жағдайы бұл кездесудің өтетінін меңзеп тұрғандай.

Шавкат Рахмонов үшін алдағы жекпе-жек оның чемпиондыққа үміткер ретінде позициясын нығайтуға мүмкіндік берсе, ал Белал Мұхаммад үшін бұл жеңілістен кейінгі қайта чемпиондыққа оралу мүмкіндігі болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу