Шавкат Рахмоновты UFC рейтингінен алып тастады

267

Отандасымыз тізе жарақатына байланысты алдағы 9-10 ай бойы октагонға шыға алмайды.

Шавкат Рахмоновты UFC рейтингінен алып тастады Фото: fight.ru

Осы себептен UFC-дің ресми сайтындағы жартылай орта салмақ дивизионының рейтингінен Шавкат Рахмоновтың есімі алынып тасталды.

Бұған дейін Шавкат Рахмонов рейтингте 2-орында тұрған және чемпиондық белбеуге басты үміткерлердің бірі ретінде қарастырылған еді. Алайда тізесінің қайтадан жарақаттануы және жуырда ота жасатуы оның ұзақ уақытқа жарыстардан шет қалуына әкелді.

UFC тәжірибесінде ұзақ уақыт белсенділік көрсетпеген спортшылардың рейтингтен уақытша шығуы қалыпты жағдай саналады. Лига басшылығы осыған орай чемпиондық жарыста басқа үміткерлерге мүмкіндік беруді жөн көрген.

Қазіргі таңда рейтингтің көшін Джек Делла Маддалена бастап тұр, екінші орында – Иэн Гэрри, ал үздік үштікті Майкл Моралес түйіндеп отыр.

Соған қарамастан, Шавкат Рахмоновтың жанкүйерлер алдындағы беделі мен чемпиондыққа деген талпынысы өзгерген жоқ.

Жақында Алматыда өткен Naiza лигасының турнирінде оның балдақпен жүргені көпшіліктің назарын аударған, ал бапкері Эдуард Базров спортшының денсаулығында мәселе бар екенін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу