Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін

202

Рахмонов соңғы рет октагонға 2024 жылғы 7 желтоқсанда шыққан.

Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін Фото: championat.com

UFC-де бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (19-0) эквадорлық Майкл Моралеске (19-0) қарсы жекпе-жегін 2027 жылдың қаңтарында өткізуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Шавкат Рахмонов әлеуметтік желідегі парақшасында екі видео жариялады. Біріншісінде "19-0 VS 19-0", ал екіншісінде Өрмекші адамның эмодзиімен бірге "2027" деген жазу болған. Осыған байланысты Рахмонов пен Майкл Моралес арасындағы жекпе-жектің 2027 жылдың қаңтар немесе ақпан айында өтуі мүмкін деген ықтималдық арта түсті. Жақында Моралес титул үшін жекпе-жегінің алдында Рахмоновты "дивизионның соңғы бастығы" деп атаған, – деп жазды Х әлеуметтік желісіндегі Agent MMA аккаунты.

Рахмонов соңғы рет октагонға 2024 жылғы 7 желтоқсанда АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегаста өткен UFC 310 турнирінде шығып, ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді жеңген болатын.

UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде үшінші орында тұрған Моралес соңғы жекпе-жегін 2025 жылғы 15 қарашада Нью-Йоркте өткен UFC 322 турнирінде өткізді. Ол америкалық Шон Брэдиді бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу