Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі жекпе-жегі өтпейтін болды

491

Шавкаттың қарсыласы жарақат алды.

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі жекпе-жегі өтпейтін болды

Ережесіз жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновпен (17-0) америкалық UFC файтер Келвин Гастелум (18-8) арасында кездесу тоқтатылды. Жекпе-жек 16 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ) өтуі тиіс еді. Осы орайда Келвин әлеуметтік желіде хабарлама қалдырды.

"Шұғыл хабар! Өкінішке орай, мен жарақат алдым. Шавкат Рахмоновпен жекпе-жегім тоқтатылды", - деп жазды америкалық спортшы.

Сонымен қатар осы кездесуге байланысты ESPN арнасы да мәлімдеме жасады.

"Келвин Гастелум сейсенбі күні жаттығу кезінде алған бет жарақатына байланысты 16 қыркүйекте жоспарланған UFC Fight Nigts турнирінің негізгі жарысына қатыса алмайтынын хабарлады. Оның қарсыласы Шавкат Рахмонов еді.

Гастелум 2016 жылдан бері орта салмақта өнер көрсетіп жүрген. Дегенмен,  Исраэль Адесаньеге жеңіліп, титулды уақытша жоғалтқаннан кейін бірінші рет жартылай орта салмаққа ауысуы тиіс болатын. UFC Noche - Мексиканың Тәуелсіздік күніне арналған UFC Fight Night шоуы. Гастелум Мексикадан шыққан және балалық шағының бір бөлігін сол елде өткізген.

Дереккөздер жеңілмеген Рахмоновтың кардта қалуы екіталай дейді. UFC 21 қазанда Абу-Дабиде өтетін UFC 294 турнирінде Рахмоновтың Гастелумға қарсы жекпе-жегін қайта жоспарлауға тырысуда. Бірақ Гастелум бұл жекпе-жекке жақын арада дайын болатыны белгісіз", - деп жазады ESPN.

Айта кетейік, Шавкат ең беделді промоушндегі бес жекпе-жектің бесеуінде де жеңіске жетті. Ол кәсіби ММА мансабындағы 17 жеңісінің барлығын да мерзімінен бұрын аяқтады. Ал Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 285 турниріндегі соңғы жекпе-жекте қазақстандық үшінші раундта америкалық Джефф Нилді қықындыру әдісімен жеңген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу