Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түсті: 2 адам қаза тапты

866

UFC шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова жол апатына түсті.

Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түсті: 2 адам қаза тапты Фото: t.me/halyqstan

HALYQSTAN Telegram-арнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиға 27 шілде күні таңертең Жамбыл облысы Мойынқұм ауданына қарасты Ақсуйек ауылы маңында, Алматы–Екатеринбург тасжолының бойында болған.

Тас жолдың 296-шақырымда Toyota Land Cruiser маркалы жол талғамайтын көлік аударылып кеткен. Рөлде отырған Гүлайым Рахмонова көлікті жоғары жылдамдықпен басқарып келе жатып, тізгінге ие бола алмаған деген болжам бар.

Көлікте Рахмоноваға қоса оның 2022 жылы туған кішкентай ұлы және екі құрбысы болған. Жолаушылардың бірі – 39 жастағы З.А. оқиға орнында көз жұмды. Екінші жолаушы – 35 жастағы А.С. Мойынқұм аудандық ауруханасына бара жатқан жолда қайтыс болды.

Гүлайым Рахмонова мен оның ұлы Шу қалалық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Хирургиялық көмек қажет емес, қазіргі уақытта ана мен баланың жағдайына бақылау жүргізілуде.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген жол қозғалысы ережесін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу аясында өзге мәліметтер әзірге жария етілмей отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу