Шелдепрайс. "Астана" шабандозы мәреге төртінші келді

603

Astana Qazaqstan Team шабандозы Кейс Бол бельгиялық бір күндік "Шелдепрайс" жарысында төртінші нәтиже көрсетті. 

Шелдепрайс. "Астана" шабандозы мәреге төртінші келді Фото: astana-qazaqstan.com/

Спорт директорлары Стефано Занини мен Марио Манцонидің жетекшілігімен "Астана" шабандоздары Кейс Бол, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Евгений Гидич, Микаэль Мёркёв, Рюдигер Зелиг, Глеб Сырица жарыс жолына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жексенбі күні "Фландрия турында" Кейс Бол көрерменмен соқтығысып,  құлады. Бұл оның жарыстан бас тартуына әкеліп соқтырды. Дегенмен, шабандоз қайта қалпына келіп, жарыс күні тамаша бабында екенін көрсетті. Нәтижесінде Кейс спринт бойынша бейресми әлем чемпионаты ретінде белгілі 205 шақырымдық "Шелдепрайста" төртінші нәтиже көрсетті.

Жеңіс тұғырына "Soudal Quick-Step" командасынан бельгиялық шабандоз Тим Мерлиер көтерілсе, "Alpecin-Deceuninck" өкілі Йеспер Филипсен екінші орынға жайғасты. "Jayco AlUla" командасының голландиялық шабандозы Дилан Груневеген үздік үштікті түйіндеді.

Велодода аяқталған соң Кейс Бол жарысқа қатысты өз пікірін білдірді.

"Тамаша күн! Жарыс екі бөлімнен тұрды. Нидерландыдағы жарыстың бірінші жартысында сол елге тән ауа-райы мен жел болды. Біз бірінші эшелонда жақсы позицияны сақтап отырдық. Соңында, пелотон жаппай спринтке дайындалып жатқанда, барлығы жақсы жұмыс жасап, мені финалда дұрыс позицияға шығарды. Ашық көк түсті жейдедегі біздің командамыздың көш басында үйлесімді жұмыс жасағанын көру өте керемет. Финалдық спринтте төртінші болдым… Жаман нәтиже емес, бірақ менің ойымша, команданың бүгінгі жарысты қалай өткізгеніне бәріміздің көңіліміз толады", — деді Кейс Бол.

"Шелдепрайс"

Terneuzen — Schoten. 205.3 шақырым

1. Тим Мерлир (Бельгия, "Soudal Quick-Step") — 4:16:59

2. Йеспер Филипсен (Бельгия, "Alpecin-Deceuninck")

3. Дилан Груневеген (Нидерланды, "Jayco AlUla")

4. Кейс Бол (Нидерланды, "Астана")

45. Рюдигер Зелиг (Германия, "Астана") — +0:34

87. Дмитрий Груздев (Қазақстан, "Астана") — +1:05

101. Евгений Гидич (Қазақстан, "Астана") — +1:16

102. Микаэль Мёркёв (Дания, "Астана")

121. Глеб Сырица (Ресей, "Астана") — +2:42

122. Евгений Федоров (Қазақстан, "Астана").

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу