Шерзат ісі бойынша сотталғандардың бірі бостандыққа шықты

1126

Апелляциялық сот отырысы 18 тамызда өтеді. 

Шерзат ісі бойынша сотталғандардың бірі бостандыққа шықты Фото: коллаж Inbusiness.kz

Шерзат ісі бойынша сотталған Думан Ысқақ бостандыққа шықты. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, Шерзат ісі бойынша апелляциялық сот мәжілісі 18 тамыз күні сағат 11:00-де Алматы облысы сотының ғимаратында өтеді.

"Думан Ысқақ бірінші сатыдағы соттың үкімі бойынша тағайындалған жазаны өтеп қойғандықтан, Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мұсабекованың 2025 жылғы 23 шілдедегі сот қаулысымен бұлтартпау шарасы жойылып, ол қамаудан босатылды", – деді Мейірман Шекеев Instagram-дағы парақшасында.

Кәмелетке толмаған Думан Ысқақ Қылмыстық Кодекстің 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді.

Айта кету керек, бұған дейін Шерзат ісі бойынша сот үкімі шыққандарға рақымшылық жасала ма деген тақарыпта материал жазған едік. 5 маусым күні Шерзаттың өліміне кінәлілер сотталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу