Шерзод Давлатов Азия чемпионатында қола медаль иеленді

366

Ел қоржын Азия чемпионатының екінші қола медалімен толықты. 

Шерзод Давлатов  Азия чемпионатында қола медаль иеленді

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Шерзод Давлатов қола медаль иеленді. Спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.  Қола жүлде үшін өткен белдесуде Шерзод өзбекстандық Бахром Ботуровты жеңді.

Қола медаль үшін белдескен тағы бір дзюдошымыз Нұрәділ Әлжан Азия чемпионатында 5-орынға табан тіреді. Біздің палуан 60 кг дейінгі салмақта қола жүлдеге таласта Мұхаммадсалех Куватовқа (Тәжікстан) қосымша уақытта (golden score) жол берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу