Шетелден "көлік әкелетіндерге" тықыр таянды

1185

Енді елімізге заңсыз жолмен кіргізілген көліктер тексерілуі мүмкін.  

Шетелден "көлік әкелетіндерге" тықыр таянды Фото: Depositphotos.com

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров ішкі нарықты шетелден әкелінетін заңсыз көліктерден қорғау туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәжілісмен интеграциялық процесстер қажет екенін баса айтты. 

– Бірақ дегенмен де, өзіміздің ішкі нарықты шетелден келген әртүрлі қоқыстан қорғау керек деп ойлаймын. Әртүрлі ақпарат бойынша қазір біздің Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінен Қазақстанға үшінші мемлекеттен контрабандамен келетін автомобильдер кіріп жатыр. Қазақстанға қазір оң рульді көліктерді кіргізуге тыйым бар. Бірақ, екі жыл ішінде Қазақстанға 56 мың автомобиль кірген және одан Қазақстанға 70 млрд теңге залал келді деген ақпарат бар. Ал енді тағы бір бейресми ақпараттарға сүйенетін болсақ, көршілеріміз арқылы елімізге Жапониядан оң рульді автокөліктер бөлшек ретінде кіріп, Қазақстанда қайтадан жиналып, оған осында жаңа құжаттар дайындалады дейді. Бұдан келетін залал жүздеген млрд теңгеден артық деп жатыр сарапшылар. Осы жөнінде Үкімет біле ме?", – деп сұрады депутат.

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин осы сұраққа жауап берді.

– Жалпы айтқанда, бұл туралы естігеніміз бар. Бірақ мұндай 56 мың деген өте көп, ондайды естіген жоқпыз. Ол көрінетін еді. Сіздің тапсырмаңызды ескеріп, уәкілетті органдарға тапсырма берейік, соның бәрін тексерсін", – деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу