"Шеврон" Қазақстандағы су тасқынына қарсы күреске 3 миллион АҚШ долларын бөледі

540

Ол дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі.  

"Шеврон" Қазақстандағы су тасқынына қарсы күреске 3 миллион АҚШ долларын бөледі Фото: primeminister.kz

"Шеврон" корпорациясы "Шеврон Мұнайгаз Инк." филиалы арқылы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде 3 миллион АҚШ долларын бөлетінін мәлімдеді.

"Ұзақ мерзімді серіктесі ретінде "Шеврон" Қазақстанға су тасқынының ауыр зардаптарын еңсеруге жан-жақты көмек беруге дайын, – деді "Шеврон" Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесс.

– Біз халықтың шұғыл қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін  осы ресурстардың  қажет екенін түсінеміз. "Шеврон" компаниясы Қазақстан халкына айнымас қолдауын білдіреді", деді.

30 жылдан астам уақыт бұрын Қазақстанда қызметін бастаған сәттен бастап "Шеврон"  елдегі әлеуметтік жобаларға 460 миллион доллардан астам қаржы бөлді. Компания 2020 жылы Қазақстанға 20 миллион АҚШ долларынан астам сомаға медициналық жабдықтар мен дәрілік заттар сатып алып, коронавирус пандемиясына қарсы күресте қолдау көрсеткен алғашқы шетелдік компаниялардың бірі болды.

"Шеврон" компаниясы туралы

"Шеврон" – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз адамзат прогресі үшін қолжетімді, сенімді және таза энергия қажет деп санаймыз.

"Шеврон" мұнай мен табиғи газ шығарады, жанар-жағармай және мұнайхимия өндіреді, бизнес пен өнеркәсіпті жетілдіретін технологияларды дамытады. Біздің мақсатымыз мұнай және газ саласындағы дәстүрлі бизнесімізді дамыту, қызметіміздегі көміртек шығарындыларын азайту және әдеттегі бағыттарымызбен қатар жаңғырмалы отын, сутек өндірісі, көміртекті ұстап қалу, оффсетті пайдалану және басқа технологиялар сияқты бизнестің жаңа төмен көміртекті бағыттарын дамыту. "Шеврон" туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу