Шорт-тректен 2027 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

83

Бұл ұлттық коньки спорты тарихында ең ірі оқиға болмақ.  

Шорт-тректен 2027 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді Фото: olympic.kz

"Алау" мұз сарайында өтетін жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің кезеңі аясында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Астанаға жұмыс сапарымен келген Халықаралық конькишілер одағының (ISU) конькимен жүгіру спорты жөніндегі директоры Хуго Херрнхофпен кездесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тараптар Қазақстандағы конькимен жүгіру спортының, әсіресе шорт-тректің дамуы, ISU-пен ынтымақтастықты нығайту жолдарын және 2026 жылғы Милан қысқы Олимпиадасына дайындық мәселелерін талқылады.

Министр Ербол Мырзабосынов елімізде шорт-тректің жүйелі дамып келе жатқанын атап өтті. Биыл Қазақстан құрамасы қысқы Азия ойындарында тарихи алтын медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ, биылғы маусымда Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің екі кезеңін өткізу мәртебесіне ие болды. Бұл еліміздің халықаралық аренадағы беделін және жоғары ұйымдастырушылық қабілетін дәлелдеді.

ISU директоры Хуго Херрнхоф "Алау" мұз сарайының жағдайын, жарыстардың ұйымдастырылуын және  спортшылардың әлеуетін жоғары бағалап, ISU бағдарламалары аясында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу