Шорт-тректен Әлем кубогы кезеңдеріне қатысатын ұлттық құрама жасақталды

166

Әлем кубогының бірінші кезеңі 23-25 қазан аралығында Ванкуверде, ал екінші кезеңі 30 қазан – 1 қараша аралығында Монреальда (Канада) өтеді.  

Шорт-тректен Әлем кубогы кезеңдеріне қатысатын ұлттық құрама жасақталды Фото: olympic.kz

Қазақстан конькишілер одағы 2026/2027 маусымындағы Әлем кубогының бірінші және екінші кезеңіне қатысатын ұлттық құраманың тізімін жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған тізімге Глеб Ивченко, Богдан Вехов, Айбек Нассен, Айбек Темірхан, Тамирлан Жолдас, Мақсат Уалиулла, Малика Ермек, Алина Әжіғалиева, Анастасия Галечина, Зейнеп Құмарқан, Гүлдана Жалмұқан, Полина Омельчук кірді.

Айта кетейік, қыркүйекте Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтті. Жарыс нәтижесі бойынша алдағы маусымға Ұлттық команда жасақталды. Бапкерлердің шешімімен іріктелген үздік спортшылар ел намысын қорғайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу