Штрели Мамба: "Мақсатым айқын – "Қайратпен" чемпион болу"

2286

Мамба қазіргі таңда "Қайраттың" ең жылдам ойыншысы. 

Штрели Мамба: "Мақсатым айқын – "Қайратпен" чемпион болу"

"Қайраттың" жаңа шабуылшысы Штрели Мамба алматылық клубтың сапында алғашқы сұхбатында өзінің алған әсерлерімен бөлісіп, алға қойған мақсаттары туралы айтты.

- Штрели, "Қайратқа" қош келдіңіз! Сіз бұл клубты таңдау барысында неге басты назар аудардыңыз?

- Рахмет! Мен үшін шетелде тәжірибе жинау маңызды болды. "Қайрат" - дәстүрі мен тарихы бай         клуб. Оның халықаралық деңгейде ойнауға мүмкіндігі бар. Клубта кез-келген ойыншыға кәсіби деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін керемет инфрақұрылым жақсы дамыған.

- Алексей Шпилевскиймен болған алғашқы әңгімеңіз туралы айтып берсеңіз. Сіз онымен не туралы сөйлестіңіз?

- Мен бас бапкермен "Қайрат" клубының мақсаттары, ойын философиясы және Алматы қаласы туралы сөйлестім.

- Сізді командада қалай қарсы алды?

- Команда мені өте жақсы қабылдады, барлығы жарқын жүзді жігіттер екен.

- Сіз кешкі ас кезінде неміс тілінде рэп айттыңыз. Ән не туралы болды?

- Ән ешқашан бас тартпау, әрқашан алдына мақсат қою және сол мақсаттарға жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасау туралы. Менің өмірдегі ұстанымым: "Ешқашан мүмкіндіктен бас тартпа, әрдайым жеңіске аш бол!"

- Соңғы сынақтың нәтижесі бойынша сіз командадағы ең жылдам ойыншы атандыңыз. Мұның сыры неде?

- Мен кішкентай кезімнен бастап өз командамдағы жылдам ойыншылардың бірі болдым. Менде өте жақсы генетикалық бейімділік бар және қысқа қашықтыққа жүгіру арқылы көп жылдар бойы жаттықтым.

- Сіздің маусымға арналған жеке мақсаттарыңыз қандай?

- Командаға көмектескім келеді және бұл үшін бар күш-жігерімді салуға дайынмын. Тамаша ойын көрсетуге тырысамын. Менің ойыным клубқа мүмкіндігінше өз пайдасын тигізсе деймін. Әр ойын сайын ойланып, көп жұмыс істесеңіз, соңында марапатқа ие боласыз.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу