Шұғыла Өмірбек U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

187

Балуан 55 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.

Шұғыла Өмірбек U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды Фото: olympic.kz

Қазақстандық балуан Шұғыла Өмірбек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен U23 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әйелдер күресінен 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде украиналық Снежана Онуфриевамен кездесті. Тартысты жекпе-жек 11:10 есебімен Шұғыла Өмірбектің пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, Шұғыла Өмірбек былтыр осы жас санатында әлем чемпионы атанған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу