Швеция ауыр қылмыс жасағандарды жазалаудың тың тәсілін тапты

Бұл – "Швецияда қылмыс жасады" деп сотталған сириялық азаматтарды еліне күштеп қайтару мәселесіне тікелей қатысты келісім. 

Швеция ауыр қылмыс жасағандарды жазалаудың тың тәсілін тапты Фото: azertag.az

АЗЕРТАДЖ-дың жазуынша, ел үкіметі Сирияға көп сотталған қылмыскерлерді жіберуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Миграция министрі Йохан Форссель мен даму және сыртқы сауда министрі Бенжамин Дуса ел билігі ауысқан соң Сирияға барған алғашқы швед шенеуніктері саналды. 

Сапарда олар "Швецияда қылмыс жасады" деп сотталған сириялық азаматтарды күштеп қайтару мәселесі бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге келіскен. 

Қазір елде 130-ға жуық сириялық азамат бар. Оларға депортация үкімі шыққан, бірақ оларды еліне қайтара алмайтындықтан, әлі де емін-еркін жүр. Йохан Форссельдің сөзінше, олардың арасында ауыр қылмыс жасаған және мемлекеттік қауіпсіздікке қауіп төндіретіндер де кездеседі. 

– Бұл адамдар Швецияда қылмыс жасап, сол арқылы осы елдің бөлігі болудан бас тартып отыр. Сондықтан, оларды депортациялау керек, – деп қоса кетті ол.

Стокгольм жаңа сириялық билік өз азаматтарын қабылдап, олардың кім екенін анықтауға көмектесетініне сенеді. Министрлер Сирия сотталған азаматтарды қабылдамайтын болса, Швециядан көп көлемдегі қаржылық көмек сұрамауы керегін жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу