Швейцария халық партиясы елге келетін мигранттар ағынын шектеуді көздеп отыр. Осы мақсатта 2050 жылдан кейін ел халқының санын 10 миллион адам деңгейінде шектеу бойынша референдум өткізу бастамасы көтерілді. Саяси науқан 14 маусымда өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.
Егер 2050 жылға дейін ел тұрғындарының саны 9,5 миллион адамнан асса, онда Федералдық кеңес пен парламент халық санын шектеу талабын орындауға бағытталған шараларды қабылдауға міндеттеледі. Swiss Info онлайн басылымының жазуынша, мұндай жағдайда Швейцарияға халықаралық келісімдерді қайта қарауына тура келеді. Бұл ерекше жағдайларда кейбір міндеттемелердің орындалуын тоқтатуға мүмкіндік беретін ережелері бар келісімдерге қатысты болмақ.
Қолда бар шаралар халық санының 10 миллиондық шегін сақтауға жеткіліксіз болған жағдайда, Швейцария төтенше шара ретінде Еуроодақпен адамдардың еркін қозғалысы туралы жасалған келісімді бұзуға мәжбүр болатыны айтылды.