banner

"Шығыс" кенішінде көмір сұрыптау желісі іске қосылады

18698

Жаңа желі экологиялық талапқа сай жұмыс істейді.

"Шығыс" кенішінде көмір сұрыптау желісі іске қосылады

"Еуроазиаттық энергетикалық корпорация" АҚ жаңа нарыққа шығу және жеткізу географиясын кеңейту үшін жаңа жобаны жүзеге асырмақшы.

Қазіргі таңда осы жобаның көмегімен қазақстандықтардың коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігіне арналған  қатты отынның тұтынушылық құндылығын арттыруға болатын көмір сұрыптау желісін орнату жұмысы жүріп жатыр. Сұрыптау желісі көмірді екі фракцияға: 100-10 мм  және 10-0 мм кластарға бөледі. Құрал-жабдықтар кәсіпорындағы №4 қоймада сақталады.

Мамандар іргетасын құйып, қатардағы көмірдің сұрыптау желісі үшін қабылдау шұңқырының құрылысын бастап кетті. Қазір көмірді фракциялайтын жаңа кешеннің қабылдау бункерін  және конвейерлерді жинақтау жұмыстары аяқталып қалды. Келесі кезеңде қарқынды шаң бөлу тораптарында шаң ауаны аспирациялайтын қондырғы орнатылады. Жаңа нысанның құрылысы маусым айында аяқталады.

"Сұрыптау желісінің құрамына тірек конструкциялар және құрал-жабдықтардың жылжымалы бөліктерімен қоршалған технологиялық жабдықтар кіреді. Сұрыптау желісінен ауаға шығарылатын түтінді азайту үшін конвейердің өн бойын жабу қарастырылған", – дейді жоба жетекшісі Борис Бут.

Айта кетерлігі, көмірді технологиялық сұрыптау желісі автоматтандырылған пульт арқылы басқарылады. Бір ауысымда 12 сағат тоқтаусыз жұмыс істейді. Техникалық талаптарға сәйкес көмірді сұрыптау желісінің өндірістік қуаттылығы – жылына 200 мың тонна дайын өнім (10-100 мм санатты көмір). Қатардағы көмірдің күш құрамын есепке алсақ, көмір өңдеудегі сұрыптаудың өндірістік қуаттылығы  - жылына 326 мың тонна.

Сұрыптауға түсетін көмірдің күлділігі – 36,57 %.  Көмірді қабылдау шұңқыры бір желіге орналасқан және жер деңгейіне дейін кесілген төрт қабылдау-металл бункерлерінен тұрады. Екі шеткі бункер тікелей қатардан жүктелуі мүмкін, қалған екі көмірге бульдозермен, тиегішпен беріледі. Ал бункерлерден қоректендіргіш арқылы конвейерге тиеледі, бұдан әрі конвейермен сұрыптау үшін жер бетіне шығарылады.

"Эстакадаларда орнатылған конвейерлердің көмегімен сұрыптау өнімдері конусқа түсіріледі. Түсіру конустарының сыйымдылығы қатардағы көмірді қайта өңдеудің екі тәуліктік көлемін құрайды, оның ішінде: 10-100 мм санатты көмір конусы  1450 тонна, 0-10 мм класты көмір конусы – 100 тонна. Соңғы кезең - жүк тиегіштің көмегімен жүк түсіру конустарынан көмірді теміржол жартылай вагондарына тиеу", – дейді тау-кен жұмыстарының бас технологы Игорь Музычук.

Дария Ерғазина

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу