Шығыстың шымыр ұлы бір жылда екі салмақта абсолют чемпион атанды

623

Кәсіпқой бокстан жеңіл салмақтағы (53,5 кг) әлемнің абсолют чемпионы Наоя Иноуэ (26-0-23) жуырда екінші жеңіл салмақта (55,2) төрт бірдей чемпиондық белбеуді ұтып алды.  

Шығыстың шымыр ұлы бір жылда екі салмақта абсолют чемпион атанды Фото: insports.kz

Бас жүлде үшін таласта Жапония спортшысы-филиппиндік Марлон Тапалесті (37-4, 19 КО) 10-раундта нокаутпен ұтты.

2024 жылы Иноуэ екінші жеңіл салмақта (55,2) қала береді. Оның болашақ қарсыластары Муроджон Ахмадалиев (Өзбекстан) және Луис Нери (Мексика).

Айта кетейік, Күн Шығыс елінен шыққан тума талант 9 жылдың ішінде 12 рет әлем чемпионы атағын иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу