Шымкентте 28 жастағы чемпион тоққа түсіп, көз жұмды

148

Оқиға керамикалық тақта шығаратын зауытта болған.  

Шымкентте 28 жастағы чемпион тоққа түсіп, көз жұмды Фото: instagram/adal_adam.kz

Грек-рим күресінен Қазақстанның бұрынғы чемпионы Тілектес Әділ Шымкенттегі өндіріс орнында қайғылы жағдайда көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Марқұмның досы таратқан мәліметке сәйкес, оқиға керамикалық тақта шығаратын зауытта болған. Жұмыс кезінде спортшы абайсызда электр сымына тиіп, тоқ соққаннан кейін биіктен құлаған.

Оқиға орнына келген дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Полиция жұмысшының қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу бастады.

Тілектес Әділ бала кезінен еркін және грек-рим күресімен айналысқан. Ол есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы жарыстарда Қазақстан намысын қорғады.

2018 жылы Ақтөбеде өткен республикалық спартакиадада 55 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Ал 2019 жылы Қостанайда ұйымдастырылған ересектер арасындағы командалық ел чемпионатында 60 келіде топ жарды.

Сондай-ақ республикалық және халықаралық жарыстарда бірнеше рет жүлдегер атанған.

Марқұмның артында жұбайы мен екі баласы қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу