Шымкентте білім саласына 80 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген

2435

Былтырғы жылмен салыстырғанда білім саласын қаржыландыру 26%-ға артқан. 

Шымкентте білім саласына 80 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген

Шымкент қаласы биылғы 2019-2020 оқу жылын 253 мемлекеттік, 445 жекеменшік білім беру ұйымдарындағы 294 мыңнан астам білім алушылармен бастамақ. Бұл жөнінде еліміздің үшінші мегаполисінде өтіп жатқан TAMYZ KENESI – 2019 "BILIM jane GYLYM" конференциясында мәлім болды.

2019 жылы Шымкент қаласының білім саласына 77 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп отыр. Былтырғы жылмен салыстырғанда білім саласын қаржыландыру 26%-ға артқан. Қыркүйек айында 4 жаңа мектептің және 1 мектептің қосымша құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Сонымен қатар, шаһарда мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту деңгейі 95,2%-ға жетіп отыр. Қазіргі таңда, мектепке дейінгі 501 мекемеде 76 339 бала тәрбиеленуде екен. Ондағы балалар саны өткен жылмен салыстырғанда 8,5%-ға артқан. Яғни, қалада қосымша 42 мекемеге ағылыпты. Ал, 36 мемлекеттік балабақшада  "Интеллектум" кабинеттері ашылған.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу