banner

Шымкентте Challenger 80 турнирінің жеребе тарту рәсімі өтті

1119

Коронавирус пандемиясына байланысты екі жылдық үзілістен кейін Шымкентке үлкен теннис фестивалі қайта оралды.

Шымкентте Challenger 80 турнирінің жеребе тарту рәсімі өтті

Ұлттық теннис орталығының корттарында 8-14 мамыр және 15-21 мамыр аралығында қатарынан екі турнир - Beeline Challenger 80 және BeeTV 80 Challenger өтеді. Турнирлердің жалпы жүлде қоры 106 240 АҚШ долларын құрайды. Жарысқа әлемдік рейтингтің ТОП-300 ойыншылары арасынан бірқатар теннисшілер қатысады. Қазақстан атынан Денис Евсеев, Бейбіт Жұқаев, Достанбек Ташбулатов, Григорий Ломакин сияқты еліміздің ең мықты деген теннисшілері сынға түседі.

Осы орайда Шымкенттегі теннис орталығының орталық кортында Beeline Challenger 80 турнирінің жеребесі тартылды. Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі мәлімдеді. Бес қазақстандық спортшы іріктеу сайыстарында бақ сынайды. Достанбек Ташболатов германиялық Себастьян Фаншлоу, Тимур Мәуленов румыниялық Богдан Апостол, Никита Сидоров ресейлік Алибек Качмазовпен күш сынасады. Аслан Темірлан италиялық Эдуардо Ловаджо, Бекжан Ережеп үндістандық Мукунд Сасикумармен кортқа шығады.

Негізгі додада қазақстандықтардан бірінші ракетка болып тіркелген Денис Евсеев іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кездеседі. Жарысқа арнайы шақырту алған Григорий Ломакин румыниялық Николас Ионельизге, Бейбіт Жукаев норвегиялық Виктор Дурасовичке қарсы тұрады.

Жұптық сында Д. Ташболатов пен Т. Мәуленов алғашқы айналымда Д. Евсеев – ресейлік Александр Шевченкомен ойнайды. Б. Жукаев пен А. Качмазов жарыстың 2-ракеткалары - үндістандық Арджун Кадхе - украиналық Владислав Манафовпен, Г. Ломакин мен ресейлік Ян Бондаревский - өзбекстандық Денис Истоминмен шеберлік байқасады.

Шымкентте челленджер жарыстары 2017 жылдан бастап өткізіледі. Жекелей сында Литваның бірінші ракеткасы Ричардас Беранкис (2017 жылы), германиялық Янник Ханфман (2018 жылы) және словакиялық Андрей Мартин екі рет (2018 және 2019 жылы) үздік шыққан еді. Ал 2020-2021 жылдары пандемияға байланысты турнир ұйымдастырылған жоқ.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу