Шымкентте өтіп жатқан XXXV Qosanov Memorial World Athletics Continental Tour Bronze Level халықаралық турнирінде қазақстандық жеңіл атлет Аделина Земс 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Отандасымыз финалда 55.69 секунд нәтижесін көрсетіп, бірінші орынды иеленді.
Бұл дисциплинада жүлделі орындардың барлығын Қазақстан спортшылары алды: Аделина Земс – алтын, Анастасия Колода – күміс (59.66), Екатерина Колода– қола (1:00.30).
Айта кетейік, халықаралық турнир Қажымұқан стадионында 1 шілдеге дейін жалғасады және World Athletics Continental Tour Bronze Level санатына кіреді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу