Шымкенттік зорлықшы кастрацияланатын болды

3345

Екі бірдей кәмелетке толмаған қыз баланы зорламақ болған ер адамды мәжбүрлеп химиялық кастрациялайтын болды.

Шымкенттік зорлықшы кастрацияланатын болды

Шымкент қалалық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі соты бүгін осындай үкім шығарды. Сотталушы​ ҚР ҚК нің 24-бабының 3-бөлігі, 121-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 жыл бас бостандығынан айырылды.

Зорлықшы биыл 2 мамыр күні сағат 12.30 шамасында Шымкент қаласы Гагарин көшесінде 9 жастағы қыз баланы өлтірем деп қорқытып көпқабатты үйдің артына күштеп апарған. Зорламақ боп киімін шешуді талап еткен. Зорлықшының қолынан сытылып шыққан қыз бала өтіп бара жатқандардан көмек сұраған. Арам пиғылын іске асыра алмай қалған нәпсіқұмар сол төңіректен тағы бір кәмелетке толмаған қыз баланы алдап үй артына апарған. "Үй артында сүйкімді күшіктер жатыр"  дегенге сеніп қалған 12 жасар қыз баланың қолынан ұстап алып өлтірем деп қорқытып зорламақ болған. Жанұшыра айқайлаған қыз баланың дауысын естіген жұрт оқиға орнына кеп озбырды ұстап алады. Тапа-тал түсте екі бірдей қыз баланы зорламақ болған​ зорлықшыны тәртіп сақшыларына тапсырған.

"Сотталушы Е.А-ны  сот педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге деп белгілеп, химиялық кастрациялау түрінде мәжбүрлеп емдеу шарасы қолданылған. Бұлтартпау шарасы бұрынғысынша күзетпен ұстауда қалдырылған", – деп хабарлайды Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу