2025 жылдың басты спорттық шараларының бірі – World Aquatics Championships – Singapore 2025 Сингапурда жалауын көтерді.
Бұл су спорты түрлерінен өтетін ең ірі халықаралық дода, әрі Сингапур тарихында алғаш рет әлем чемпионатын қабылдап отыр.
Жарысқа 100-ден астам елден 2500-ге жуық спортшы қатысады.
Қазақстан құрамасы жарысқа үздік спортшыларын аттандырды. Соңғы 2 жылда Азия мен әлем ареналарында жарқын жетістіктерге жеткен отандастарымыз бұл жолы да жеңіс тұғырынан көрінеді деген үміт зор.
Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын қазақстандық спортшылар:
- Әділбек Мусин – 50 м, баттерфляй;
- Ксения Игнатова – 100 м, шалқалай жүзу;
- Аделаида Пчелинцева – 50 м, брасс;
- Софья Сподаренко – 50 м, баттерфляй;
- Арсен Қожахметов – 50 м, брасс;
- Глеб Коваленя – 50 м, шалқалай жүзу.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу