Премьер-министр Олжас Бектенов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасына транзиттік тасымал көлемін 55 млн тоннаға дейін жеткізуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Талғат Сағиұлы, сіздің алдыңызда транзиттің көлемін 55 млн тоннаға дейін жеткізу міндеті тұр. Алайда менде бар ақпаратқа сәйкес, бүгінде жоспарлы көрсеткіштерден 30 пайызға артта қалып келесіздер. 23 млн тоннаның орнына ҚТЖ небары 16 млн тонна тасымалдаған. Бекітілген көрсеткіштердің уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл – сіздің жеке жауапкершілігіңіз", – деді Үкімет басшысы.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов "қабылданды" деп қысқа қайырды.