Собчакпен түскен сурет сыры

1801

"СҚ-Фармация" басшысы түсініксіз жауап берді.  

Собчакпен түскен сурет сыры

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында журналистер "СҚ-Фармация" компаниясының су жаңа басқарма төрағасы Ерхат Есқалиевтің қызметіне емес, жеке басына көп сұрақ қойды. Басқарма төрағасы тосылған жоқ. Алайда жауабы бүртүрлі болды. 

БАҚ өкілдері Ерхат Есқалиевтен Ксения Собчакпен бірге түсіп, Instagram парақшасына жариялаған суретінің сырын сұрады.

"Шындығына келгенде сурет 7 жыл бұрын түсірілген. Ол кезде менің салмағым шамамен 135 келі болатын. Ал қазір 105 келімін. Өткен жылы өкпеме күрделі ота жасаттым. Сурет карантинде, үйде отырған кезде жарияланған болатын. Сурет шаралардың бірінде түсірілген. Бұл жерде танымал адаммен суретке түсіп қалсам деген ой ғана болды. Басқа ешқандай ниет жоқ", – деді ол.

Суретке салмақтың қандай қатысы бар. Ерхат Есқалиев неге салмақ жайлы сөз қозғады. Ол отадан кейін үйінде отырса, Ксения Собчакпен қалай кездесті? Осының бәрі беймәлім болды. Себебі Ерхат Есқалиев түсініксіз жауап берді.

"СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасының жалақысы қанша деген сұраққа да журналистер нақты жауап алған жоқ.

"Жалақыма қатысты айтар болсам, ол 750 мың теңгеден басталады. Бірақ менің жұмысқа кіріскеніме бір ай да болған жоқ. Таяуда өтетін кеңес барысында жалақының тиісті деңгейі бекітілге тиіс. Ал әкімшілік шығындарға байланысты жұмыс тобын құрдық. Қазірдің өзінде есеп-қисабын аяқтап қалдық. Жалдау шығындарын 10%, жалға алынатын алаң көлемін 20%-ға дейін қысқартамыз", – деді Ерхат Есқалиев.

Басқарма төрағасының жалақысы 750 мың теңгеден басталатын болса, айлық жалақының нақты бекітілген мөлшері қанша? Әлде кеңес мүшелері қандай жалақы қойса, басқарма төрағасы сондай айлық ала ма? "СҚ-Фармация" компаниясының бұрынғы басшысы ашықтықтың жоқтығынан, жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмағандықтан жылы орнын суытпа па еді? Бұрынғы басшының қатесі бүгінгі басшыға сабақ болмаған ба? Сауал осылай тізбектеліп кете береді. 

"СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиевке журналистердің сұрақтарына жалтармай, нақты жауап беруді үйрену керек пе, қалай, өзі?

Бұл да сұрақ. 


Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар! 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу