"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша Exit poll нәтижелерін жариялады

301

"Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана" жеке қоры Zakon.kz тапсырысы бойынша 2026 жылғы 23 тамызда Құрылтай сайлауы кезінде Exit poll сауалнамасын жүргізді. 

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша Exit poll нәтижелерін жариялады Фото: Elordainfo.kz

Сауалнамаға 200 сайлау учаскесінен шыққан азаматтар қатысып, олардың қай партияға дауыс бергені сұралған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Нәтижесінде, сайлаушылар таңдауының алдын ала қорытындысы анықталды:

  • "Әділет" партиясы – 70,7%
  • "Ауыл" партиясы – 6,4%
  • "Respublica" партиясы – 5,5%
  • Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы – 5,4%
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) – 5,0%
  • Қазақстан Халық партиясы – 3,2%
  • "Байтақ" жасылдар партиясы – 1,2%
  • "Бәріне қарсымын" – 2,6%

Зерттеу деректерінің социологиялық қателік шегі – ±1,5%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу