Софья Самоделкина АҚШ-тағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды

123

Қысқа бағдарламадан кейін 11-орында тұрған спортшы алты сатыға көтерілді.

Софья Самоделкина АҚШ-тағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды Фото: olympic.kz

АҚШ-тың Эверетт қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының кезекті кезеңі аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық спортшы Софья Самоделкина әйелдер арасындағы жекелей сында бесінші орынға ие болды.

Қысқа бағдарламадан кейін 61,03 ұпай жинаған отандасымыз 11-орында тұрған еді. Ал еркін бағдарламада 137,56 ұпай еншілеп, төртінші нәтиже көрсетті.

Осылайша, екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 198,59 ұпай жинаған Софья Самоделкина жалпы есепте алты сатыға көтеріліп, жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Жарыста 236,81 ұпай жинаған жапониялық Ами Накаи жеңіске жетті. Екінші орынды бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ресейлік Александра Игнатова (213,90 ұпай) иеленді. Үздік үштікті жапониялық Рино Мацуике (211,63 ұпай) түйіндеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу