Софья Самоделкина Гран-при кезеңінде үздік бестікке кірді

134

Отандасымыз төрешілердің шешімімен 71,84 ұпай еншілеп, әзірге бесінші орында тұр.

Софья Самоделкина Гран-при кезеңінде үздік бестікке кірді Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Келоуна қаласында (Канада) өтіп жатқан Гран-при сериясының екінші кезеңінде қысқа бағдарламасын орындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарыста жапониялық Мао Симада 82,11 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында америкалық Изабо Левито (78,50), ал үздік үштікті эстониялық Нина Петрыкина (77,24) түйіндеді.

Қатысушылар еркін бағдарламаны Астана уақытымен 2 қарашаға қараған түні орындайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу