Софья Самоделкина Олимпиадада жеке рекордын жаңартты

122

Софья қысқы Олимпиадада үздік ондыққа енді. 

Софья Самоделкина Олимпиадада жеке рекордын жаңартты Фото: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті

Миланда өтіп жатқан ақ Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы жарыс мәресіне жетті. Қазақстан намысын қорғаған Софья Самоделкина Олимпиада сахнасында жоғары нәтиже көрсетті.

Қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша отандасымыз 207.46 ұпай жинап, мансабындағы ең үздік көрсеткішіне қол жеткізді. Еркін бағдарламада ол 138.99 ұпай еншілеп, өз қойылымын сенімді әрі таза орындады. Нәтижесінде Самоделкина жалпы есепте 10-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Софья бұған дейінгі жеке рекордын 2021 жылы тіркеген еді (205.67 ұпай). 

Ал алтын жүлдені америкалық Алиса Лю жеңіп алды – 226.79 ұпай. Күміс медаль жапониялық Каори Сакамото еншісінде (224.90 ұпай). Үздік үштікті тағы бір жапониялық спортшы – Ами Накаи түйіндеді (219.16 ұпай).

Қазақстан тарихында әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға қатысу сирек кездеседі. Бұған дейін 2018 жылғы Ойындарда Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбекова өнер көрсеткен болатын. Сол жарыста Тұрсынбаева 12-орын алған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу