Финалда әлемдік рейтингте 738-орында тұрған Жиенбаева WTA рейтингінің 442-сатысындағы болгариялық Изабелла Шиниковамен кездесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Үш сетке созылған тартысты матч қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталды – 7:6 (7:2), 3:6, 6:1. Теннисшілер кортта 1 сағат 51 минут өткізді.
Осылайша, Соня Жиенбаева мансабында алғаш рет World Tennis W75 деңгейіндегі турнирдің чемпионы атанды. Бұған дейін ол W15 санатындағы екі турнирде жеңіске жеткен. Соня Жиенбаева бұл титулдарды 2024 жылы Мадрид пен Антальяда иеленген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу