Соня Жиенбаева Түркиядағы турнирдің чемпионы атанды

474

Соня жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 31-сатыда тұр. 

Соня Жиенбаева Түркиядағы турнирдің чемпионы атанды Фото: ҚТФ

Қазақстандық 17 жастағы теннисші Соня Жиенбаева Анталия (Түркия) ITF W15 турнирінің финалында жеңіске жетіп, чемпион атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дүниежүзілік рейтингіде 1 246-орында тұрған қазақстандық теннисші әлемнің 525-ракеткасы, түркиялық Йорук Илаймен бас жүлдені сарапқа салды.

Жиенбаева тартысты өткен бәсекеде 7:6 (7:4), 6:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Соня ересектер арасында ITF жарысындағы алғашқы титулына қол жеткізді.

"Бүгін мен үшін осы маусымдағы маңызды күн деп есептеймін. Апта бойы қиын матчтар өткіздім. Психологиялық жағынан да дайын болғаныма өте қуаныштымын. Бәріңізге қолдауыңыз үшін алғыс айтамын", - деді Жиенбаева.

Соня жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 31-сатыда тұр. Ал WTA рейтингісінде 15 сәуірде 1 000 теннисшінің қатарына кіреді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу