Сора Рахмонова UFC-ге іріктеуде алғашқы жекпе-жегін өткізді

840

Жекпе-жек 26 қыркүйекте өтеді.

Сора Рахмонова UFC-ге іріктеуде алғашқы жекпе-жегін өткізді

Шавкат Рахмоновтың туған қарындасы Сора Рахмонова (4-1) - (17-0)  жақын арада UFC-мен келісімге келіп, әлемдегі ең үздік промоушеннің әйелдер дивизионындағы екінші қазақстандық болуы мүмкін. 25 жастағы Сораның мұхит асып, жекпе-жек өткізуіне не кедергі?

Қоян-қолтық ұрыстан үш дүркін әлем чемпионы Рахмонова кәсіпқой ММА бойынша бес жекпе-жек өткізген. Олардың барлығы Сора 2021 жылдың қаңтарында дебют жасаған NAIZA Қазақстан лигасында өтті. UFC жұлдызының қарындасы Сораның жетістіктері жанкүйерлерді таң қалдырмай қоймайды. 2019 жылы ол әлем чемпионатында үш әуесқой жекпе-жек өткізіп, екеуінде жеңіліп қалды. Ал екі жылдан кейін Рахмонованың NAIZA-да спорттық мансабы өрге жүзді. Онда DAR Pro Team өкілі төрт жеңіске жетіп, оның үшеуі мерзімінен бұрын аяқталды.

Өзінің соңғы кездесуінде жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Рахмонова NAIZA чемпионы Валерия Карыгинаны (5-7-1) нокаутқа жіберді. Енді қыркүйек айында ол Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) Dana White Challenger Series (DWCS) аясында өнер көрсетеді.

Бұл шоу талантты және болашағынан зор үміт күттіретін спортшылардың UFC-ге кіруге және лигамен ұзақ мерзімді келісімшартқа отыруға мүмкіндік береді. Бірқатар танымал жекпе-жек шеберлері DWCS-тегі табыстарынан кейін UFC-ге жол тартты. Олардың қатарында Шон О'Мэлли, Джефф Нил, Антонина Шевченко, Джек Делла Маддалена және т.б. бар. Жекпе-жекті промоушн президенті Дана Уайт жеке бақылайды. Жеңімпаздардың лигаға өту мүмкіндігі жоғары. Бірақ, ол үшін жақсы әрі қызықты жекпе-жек өткізуі керек. Тіпті жеңілген спортшылар да Уайттан келісімшарт алған жағдайлар да болды.

Рахмонованың келесі қарсыласы Литва өкілі Эрнеста Карецкайте (4-0-1) болмақ. Ол бес кәсіпқой жекпе-жегінің төртеуінде жеңіске жетті. Сондай-ақ кикбоксинг пен бокста сәтті жекпе-жектер өткізеді. Ол француздық Hexagone MMA промоушнының чемпионы. Сондықтан, Сораның қарсыласы өте мықты. Бірақ ең мықты деген қарсыласты да тізе бүктіруге болады. Бұл жекпе-жекте жеңіске жету үшін ол тыңғылықты дайындалуы тиіс. Жекпе-жек АҚШ-та өтеді және Шавкат сол жерде тоғыз күн бұрын кездесу өткізеді. Ағасы оны өзімен бірге әйгілі Kill Cliff FC жаттығу залында дайындалу үшін алып кетуі мүмкін. Онда мықты бапкерлер мен спарринг серіктестер жеткілікті. Егер Сора UFC-де өнер көрсететін болса, ол америкалық промоушенмен келісімшартқа отырған екінші қазақстандық спортшы қыз болады. Бұған дейін дәл осы салмақта өнер көрсететін Мария Агапова (10-4) ғана осындай жетістікке қол жеткізген болатын.

Айта кетейік, 29 маусым күні таңертең Шавкат Рахмонов алдағы кездесу туралы UFC басшысы Дэйн Уайттан хабар алды. Оның көптен күткен жекпе-жегі 16 қыркүйекте америкалық Келвин Гастелумге қарсы өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу