Спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңінде Зейнолла Идрисов күміс медаль жеңіп алды

220

Қазақстандық гимнаст Зейнолла Идрисов Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан Challenge Cup кезеңінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ел қоржынына маңызды медаль сыйлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңінде Зейнолла Идрисов күміс медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Ол ат снарядындағы жаттығуда финалға сәтті өтіп, шешуші сында 14.133 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болды. Бұл нәтиже Қазақстан құрамасы үшін осы турнирдегі алғашқы медаль ретінде тіркелді.

Жарыстың финалдық бәсекесі тартысты өтті. 1-орынды хорватиялық Матео Зугеч иеленіп, 14.166 ұпаймен жеңімпаз атанды. Ал үздік үштікті Ұлыбритания спортшысы Джошуа Нэтан түйіндеп, 14.100 ұпай нәтижесін көрсетті.

Қазақстанның тағы бір өкілі Нариман Құрбанов финалда 7-орынға тұрақтап, 13.233 ұпай жинады. Жалпы алғанда, бұл кезең қазақстандық гимнасттар үшін тәжірибе мен халықаралық деңгейдегі бәсекеде өзін көрсету тұрғысынан маңызды жарыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу