Әлеуметтік желілерде жанкүйерлер билеттің тым қымбат сатылып жатқанын айтып шағымдануда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сонымен, Алматының Орталық алаңында өтетін маңызды матч билеті мынадай бағаны көрсетіп тұр:
– Батыс трибунасы – 30 000 теңге (1-9-секторлар, 1-3-қатар), 150 000 теңге (10-11, 16-17 және 1-9-секторлар, 4-қатардан бастап), 250 000 теңге (12-15-секторлар);
– Шығыс трибунасы – 75 000 теңге (30-48-секторлар);
– Солтүстік трибуна (қақпа артындағы орындар) – 30 000 теңге (20-28-секторлар), 75 000 теңге (18-19-секторлар);
– Оңтүстік трибуна (қақпа артындағы орындар) – 30 000 теңге (49-58-секторлар), 75 000 теңге (59-60-секторлар).
Билеттер сатылымы бүгін сағат 12:30-да (Астана уақытымен) басталған.
Ойын билеттерінің құны жанкүйерлердің ашуын туғызды. Көпшілік "Стадион әрең толатын сияқты", "Бұл тым қымбат баға ғой", "Реал" тағы келеді деп ойлаған-ау" деген сыңайдағы пікірлер жазып жатыр.
Еске салайық, "Қайрат" пен "Пафос" кездесу 21 қазанға жоспарланған. Бас бапкер Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері алғашқы екі ойында лиссабондық "Спортингтен" 4:1 есебімен жеңілсе, мадридтік "Реалдан" 0:5 болып тас-талқан ұтылды.