Стефанос Циципас Almaty Open ATP 250 турниріне қатысады

220

Соңғы рет Циципас Уимблдонда өнер көрсетіп, алғашқы айналымда Валентин Руайеге есе жіберген болатын. 

Стефанос Циципас Almaty Open ATP 250 турниріне қатысады

Алматыға әлемдік теннистің басты жұлдыздарының бірі Стефанос Циципастың келетіні ресми расталды. Әлемнің бұрынғы 3-ракеткасы, Astana Open ATP 500 турнирінің финалисі, грекиялық теннисші Almaty Open ATP 250 жарысының титулы үшін сынға түседі.

"Мен Қазақстанға қайта оралатын сәтті асыға күтемін. Мұнда тамаша жағдай жасалған, жылы қарсы алады, жанкүйерлер де қызу қолдайды. Алматыда кездескенше!", - деді Стефанос Циципас. 

Циципастың Оның есебінде жекелей сында 12 ATP титулы бар. Сондай-ақ Roland Garros (2021) және Australian Open (2023) турнирлерінде финалға дейін жеткен. 2019 жылы ATP Finals турнирінің жеңімпазы атанды. АТР додаларында 300-ден астам жеңіске жеткен. 

Айта кетейік, әлемнің ең мықты теннисшілері бас қосатын Almaty Open ATP 250 турнирі 11-19 қазанда Алматыда өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу