Жапонияда өтіп жатқан Азиадада стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Скит бағдарламасының іріктеу кезеңінде Әсем Орынбай, Зоя Пискун және Адель Садақбаевадан құралған қазақстандық команда 274 ұпай жинап, екінші орын алды.
Қытай құрамасы 287 ұпаймен алтын медаль жеңіп алса, Үндістан 266 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.
XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы сапында 558 спортшы жарыстың 35 түрінен бақ сынап жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу